Accessibility links

Немцов қазасына күдікті өзін жарып өлгені хабарланды


Грозныйда арнайы операция өтіп жатқан маңда тұрған жедел жәрдем көілігі мен полиция жасағы. (Көрнекі сурет)
Грозныйда арнайы операция өтіп жатқан маңда тұрған жедел жәрдем көілігі мен полиция жасағы. (Көрнекі сурет)

Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіру қылмысына қатысы бар күдікті Шешенстан астанасы Горзный қаласында өзін өзі мерт қылған. Бұл туралы құқық органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап «Интерфакс» хабарлады.

Көпқабатты үйдегі пәтерге бекініп алған алған ер адам өзін ұстауға келген полицейлер граната лақтырып, кейін өзін өзі жарып жіберген деп хабарланды. Агенттік ақпараты бойынша, полицейлерден ешкім зардап шекпеген, қаза тапқан адамның аты-жөні аталмайды.

Сенбі күні Немцовқа қастандықты ұйымдастырған және оны іске асырған деген күдікпен Заур Дадаев және Анзор Губашев деген екі адам ұсталғаны туралы Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі хабарлаған. Кейін Кремльге жақын ақпарат құралдары Ингушетия қауіпсіздік кеңесіне сілтеме жасап, ұсталғандардың саны төртеу деп хабарлады. Олар – Шешенстан ішкі істер министрлігінің «Север» батальоны командирінің орынбасары Заур Дадаев пен оны ұстаған кезде жанында болған адам, Мәскеудегі күзет фирмасының қызметкері Анзор Губашев және оның інісі деген ақпарат тарады.

Бүгін Мәскеудің Басман соты Кубашев пен Дадаевты қамауға алу туралы тергеу орындарының сұрауына қатысты шешім шығаруы тиіс.

Ресей оппозициясының жетекшісі Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешке Мәскеуде Кремль маңындағы көпірде бірнеше рет атып өлтірген.

Бұл қылмысқа қатысты Ресей тергеу комитеті қарастырып отырғандардың арасында «елдегі саяси жағдайды шайқалтуды көздейтін арандату», «исламшыл экстремистердің қатысы» және «украиналық ішкі оқиғалар» сияқты жорамалдар бар.

XS
SM
MD
LG