Accessibility links

Киев Донбаспен диалог орнатуға ниетті


Донбастағы «Енакиевская» шахтасының қазіргі жағдайы.

Донбастағы «Енакиевская» шахтасының қазіргі жағдайы.

Украина билігі елдің шығысындағы сепаратистер бақылауындағы аймақтарда сайланған Донбасс өкілдерімен диалог орнатуға ниетті екенін мәлімдеді. Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Вадим Пристайконың айтуынша, Киев қарулы топ жетекшілерімен келіссөздер жүргізбек емес, осы аймақтан сайланған және бұдан ары қарайғы саяси процестерге қатысуға ынта танытқандармен диалог өткізуге болады деп біледі.

UNIAN агенттігінің хабарлауынша, наурыздың басында сепаратистер жанжалға қатысушы тараптар арасындағы майдан сызығынан ауыр қару-жарақты әкеткенін мәлімдеген. Бірақ украиналық әскерилер сепаратистер жаңа соққы жасау үшін күштерін қайта жинақтап жатыр деп күдіктенеді.

Украиналық БАҚ сепаратистердің Киевтен үкіметке қарсы күштер бақылауындағы аудандарға қаржы бөлуін талап етіп отырғанын хабарлайды. Донецк және Луганскідегі өзін өзі жариялап алған «халық республикаларының» жетекшілері Украина заңдарында қарастырылған әлеуметтік төлемдердің осы аймақтарға берілуін үкіметтен сұрап отыр.

Ресми Киев болса, ондай төлемдердің діттеген жерге жетуін тексеру мүмкін еместігін алға тартып, ақша беруден бас тартып келеді.

XS
SM
MD
LG