Accessibility links

Сот Губашев пен Дадаевқа айып тақты


Мәскеудің Басман соты ғимаратындағы жазу. (Көрнекі сурет)

Мәскеудің Басман соты ғимаратындағы жазу. (Көрнекі сурет)

Мәскеудің Басман соты оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіруге қатысы бар деген күдікпен ұсталған Анзор Губашев пен Заур Дадаевқа айып тақты. Оларды тұтқынға алу мәселесі жеке қаралады деп хабарлаған соттың баспасөз хатшысы. Бірақ оларға нақты қандай баптар бойынша айыптар тағылғаны ашып айтылмады.

Басман соты Немцовты өлтіру қылмысына күдікті ретінде ұсталғандарды тұтқынға алу туралы тергеу орындарының сұрауына қатысты шешім шығаруы тиіс. Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, бұл іс бойынша барлығы бес адам ұсталған.

Бұған дейін Немцовты өлтіру қылмысы бойынша күдікті төрт адам ұсталғаны, тағы біреуі Шешенстан астанасы Горзный қаласында өзін өзі гранатамен жарып өлді деп хабарланған.

Ресей оппозициясының жетекшісі Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешке Мәскеуде Кремль маңындағы көпірде бірнеше рет атып өлтірген.

Бұл қылмысқа қатысты Ресей тергеу комитеті қарастырып отырғандардың арасында «елдегі саяси жағдайды шайқалтуды көздейтін арандату», «исламшыл экстремистердің қатысы» және «украиналық ішкі оқиғалар» сияқты жорамалдар бар.

XS
SM
MD
LG