Accessibility links

ИМ Иракта тағы бір тарихи ескерткішті бұзған


Нимрудтағы көне қала орны. 17 шілде 2001 жыл.
Нимрудтағы көне қала орны. 17 шілде 2001 жыл.

Ирак билігі «Ислам мемлекеті» тағы бір тарихи-археологиялық мұраны – елдің солтүстігіндегі Хорсабад ескерткішін қиратқан деген ақпаратты тексеріп жатыр.

Бұл осымен ИМ содырларының Ирактағы тарихи ескерткіштерді талқандаған үшінші оқиға болмақ. Ирактың туризм және антиквариат министрі Адел Ширшабтың сөзінше, экстремистер бағалы заттарды ұрлап, өздері бақылауда ұстап отырған Мосулдан 15 километр жердегі тарихи ескерткішке қатты залал келтіруі мүмкін.

ИМ тобы осы кезге дейін Ирактағы ЮНЕСКО қорғауында саналатын екі нысанды қиратқан. Содырлар елдің солтүстігіндегі көне Хатра қаласы мен ассириялық ежелгі Нимруд қаласының орнындағы тарихи ескерткіштер мен Мосулдағы музейде тұрған тарихи жәдігерлерді бұзып тастаған.

ЮНЕСКО басшысы Ирина Бокова ИМ содырларының бұл ісін «әскери қылмыс» деп атаған.

XS
SM
MD
LG