Accessibility links

Малайзия мен Австралия MH370 ұшағын іздестіре бермек


Үнді мұхиты аспанында жоғалған MH370 жолаушылар рейсі ұшағына арнап құмнан соғылған ескеткіш. (Көрнекі сурет)
Үнді мұхиты аспанында жоғалған MH370 жолаушылар рейсі ұшағына арнап құмнан соғылған ескеткіш. (Көрнекі сурет)

Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың айтуынша, бұдан тура бір жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен MH370 жолаушылар рейсінің ұшағын іздеу жұмыстары жалғаса бермек.

Наурыздың 8-і күні АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Австралия мамандарынан тұратын халықаралық сарапшылар тобы жоғалған ұшаққа қатысты жүргізілген зерттеудің алдын ала есебін жариялады. Құжатта ұшақ бортындағы су астында қалса да белгі беретін құралдың батареясының қызмет мерзімі ұшақ жоғалардан бір жыл бұрын біткені айтылған.

Австралия премьер-министрі Тони Эбботт өз елі Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде жүргізіп жатқан іздестіру жұмыстары нәтиже бермесе, ұшақты іздестіру аймағы кеңейтілуі мүмкін екенін айтқан.

Бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі болған Malaysia Airlines ұлттық компаниясының Boeing 777 ұшағы 2014 жылы наурыздың 8-і күні MH370 рейсімен Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан соң көп ұзамай ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Бұл оқиға әлемдік авиация тарихында ең үлкен жұмбақтардың бірі болып қалды.

Тергеушілер жолаушылар ұшағы Үнді мұхитына құламас бұрын өз бағытынан ауытқып, мыңдаған миль қашықтықты ұшып өткен деген болжам айтады.

XS
SM
MD
LG