Accessibility links

Коалиция Сирияда мұнай зауытына әуеден соққы берді


БҰҰ дерегі бойынша, ИМ тобы мұнай сатудан кемінде 846 мың доллар пайда тауып отырған.
БҰҰ дерегі бойынша, ИМ тобы мұнай сатудан кемінде 846 мың доллар пайда тауып отырған.

АҚШ бастаған шетелдік коалиция күштері Сирияда «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы бақылауындағы мұнай өңдейтін зауытқа әуеден соққы бергені хабарланды. Syrian Observatory for Human Rights құқыққорғау ұйымы әуе шабуылынан мерт болған 30 адамның арасында зауыт жұмысшылары мен содырлар бар деген ақпарат таратты.

Зауыт Сирияның Түркиямен шекарасына жақын маңдағы Тель-Абйяд қалашығында орналасқан. ИМ тобы бақылауындағы Сирияның солтүстігі мен шығысындағы территориялардағы мұнай өңдеуден түскен қаржыны пайдаланады.

БҰҰ дерегі бойынша, былтыр қараша айында ИМ тобы мұнай сатудан күніне 846 мың доллардан 1,6 миллион долларға дейін кіріс алып отырған. Пентагонның мәлімдеуінше, әлемдік базарда мұнай бағасының арзандауы және шетелдік коалиция әуе күштері жүргізген операциялардың нәтижесінде экстремистік топтың қара базардан табатын пайдасы кеміген.

XS
SM
MD
LG