Accessibility links

Алматыдан 290 шақырымда жер сілкінісі тіркелді


Алатау. (Көрнекі сурет)

Алатау. (Көрнекі сурет)

Бүгін Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

«Наурыздың 9-ы күні Алматы уақытымен 10 сағат 19 минут 54 секундта Қазақстанмен көрші Қырғызстан аумағында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді» делінген орталық мәліметінде.

Орталық дерегі бойынша, жер сілкінісінің ошағы бес километр тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы қаласы мен аймағында сезілмеген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жайлы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG