Accessibility links

Яшин Немцов қазасының «діни астарына» сенбейді


Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов.

Борис Немцовтың саяси серігі Илья Яшин оппозициялық саясаткерді исламға қатысты сөзі үшін радикалды мұсылмандар өлтірген деген долбарды Кремльдің саяси тапсырысы нәтижесіндегі сандырақ деп атады. Ресми тергеудің мұндай жорамалы еш сын көтермейтінін, оның билікке тиімді және «Путинге қылау түсірмейтінін ұғыну маңызды» деп жазған Яшин Facebook парақшасында.

Немцов діни тұрғыдан алғанда өте сабырлы адам болатын деп жазады Яшин. Париждегі «Шарли Эбдо» редакциясына жасалған шабуылға қатысты сөзінде ол исламды емес, террористерді сынаған деп ескертеді қастандық құрбаны болған саясаткердің серігі. Яшин Немцовты өлтіруге тапсырма бергендер табылмайтын шығар деген пікір білдіреді.

Жексенбі күні «Росбалт» агенттігі құқық органдарындағы дереккөзіне сілтеп, Борис Немцовты өлтірген деп айыпталған Заур Дадаев қылмысты діни себептерге байланысты – саясаткердің мұсылмандар туралы айтқан жағымсыз пікіріне бола жасағанын мойындап отыр деп хабарлаған.

Бұл ақпарат қылмыс жасалған алғашқы күннен бастап тергеу орындары ұстанған үш болжамның біріне – «исламшыл-экстремистік себепке» толық сәйкес келеді. Ақпанның 28-і күні Ресей тергеу комитетінің сайтында жарияланған мәлімдемеде Париждегі «Шарли Эбдо» редакциясына жасалған шабуылға қатысты ұстанымына байланысты Немцовқа қоқан-лоқылар жасалғаны» айтылған еді.

Кеше Мәскеудің Басман аудандық соты оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіру қылмысына күдікті бес адамды тұтқындауға шешім шығарған

Борис Немцовты ақпанның 27-і күні кешкісін Мәскеудегі Кремль маңында атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG