Accessibility links

Обама Еуропа кеңесі басшысымен кездеседі


Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск.

Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін Вашингтонда Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен келіссөздер өткізеді. Ақ үй таратқан ақпаратта, келіссөзде Украинаның шығысындағы жағдай да сөз болатыны айтылған.

Батыс ақпарат құралдары соңғы екі аптаның көлемінде Украинаның шығысындағы әскери іс-қимылдар қарқыны едәуір бәсеңдегенін хабарлап, мұны Минск келісімдерімен байланыстырады.

Жексенбіде Украина қорғаныс министрлігінің өкілі өткен тәулікте сепаратистер бақылауындағы жерлерде бір сарбаз қаза тауып, үш әскери жараланғанын мәлімдеген. Шенеуніктің айтуынша, жалпы алғанда бітім жайлы келісім сақталып отырғанымен, сепаратистер үкімет күштерінің позицияларын атқылауын жалғастырған.

Наурыздың 7-і күні Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлері Ригадағы бейресми кездесуде Шығыс Украинадағы жағдайды талқылап, қолданыстағы санкциялардыың мерзімін ұзарту немесе жаңасын салу жайын сөз етпес бұрын, қол жеткен бітімге «мұрсат берген» жөн деген ұйғарымға келген.

XS
SM
MD
LG