Accessibility links

Дэвис кубогы: Қазақстан ширек финалда


Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына өткен сәті. Астана. 8 наурыз 2015 жыл.

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына өткен сәті. Астана. 8 наурыз 2015 жыл.

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының 1/8 финалында Италияны 3:2 есебімен жеңді. Қос команданың кездесуі Астанада өтті.

Алғашқы матчта Михаил Кукушкин (әлемдік рейтингте 55-орында тұр) Симионе Боллелиді (46) 7:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңсе, Андрей Голубев (89) Андреас Сеппиден (30) 3:6, 3:6, 7:6, 2:6 есебімен жеңілді.

Жұптық кездесуде Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы Фабио Фоньини мен Симионе Боллели жұбынан жеңіліп қалды - 6:7, 3:6, 7:6, 6:4.

Осы матчтан кейін Италия 2:1 есебімен алға шыққан. Кейін Михаил Кукушкин Андреас Сеппиді 7:6. 6:0. 6:4 есебімен жеңіп, есепті теңестірді - 2:2.

Шешуші матчта Александр Недовесов (117) рейтингте өзінен жоғары тұрған Фабио Фоньиниді төрт сағатқа созылған ойында 7:6, 3:6, 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Бес ойынның үшеуінде жеңген Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына шықты.

Биыл шілденің 17-19 күндері өтетін ширек финалда Қазақстан сырт алаңда Австралиямен ойнайды.

Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин кәсіби карьераларын Ресейде бастап, 2009 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Александр Недовесов 2004-2013 жылдары Украина атынан жарысқа қатысып, 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алды.

XS
SM
MD
LG