Accessibility links

Донбаста бірнеше атыс тіркелгені хабарланды


Шығыс Украинада тұрған украиналық әскери танк. 24 ақпан 2015 жыл.

Шығыс Украинада тұрған украиналық әскери танк. 24 ақпан 2015 жыл.

Украина әскерилері наурыздың 8-і күні Донбастағы сепаратистер бейбіт келісім талаптарын 16 рет бұзып, оқ атқанын мәлімдеді.

Арнайы операциялардың баспасөз орталығы, сепаратистер миномет пен гранатометтен Пески ауылын, Красногоровка, Авдеевка, Опытное, Водяное кенттерін атқылағанын, Широкино ауылында бірнеше күн бойы атыс тоқтамай тұрғанын хабарлады. Мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Украина әскерилері өздерінің бақылауындағы аймақта тоғыз пилотсыз ұшу аппараттарын тіркелгенін хабарлады.

Ал өзін өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" Украина әскері олардың бақылауындағы аймақты 25 рет атқылағанын мәлімдеген. "Луганск халық республикасы" ресейлік ақпарат агенттіктеріне наурыздың 8-і түнде бірде-бір атыс тіркелмегенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG