Accessibility links

БҰҰ-да әйелдер құқығы конференциясы басталды


БҰҰ Әйелдер құқығы туралы конференциясына қатысушылар. Нью-Йорк, 9 наурыз 2015 жыл

БҰҰ Әйелдер құқығы туралы конференциясына қатысушылар. Нью-Йорк, 9 наурыз 2015 жыл

Нью-Йоркте БҰҰ-ның әйелдер құқықтары бойынша конференциясы басталды. Жиында әйелдердің жағдайы туралы Пекин декларациясының орындалу мәселелері талқыланып жатыр.

20 жыл бұрын Пекинде әлем елдерінің жетекшілері гендерлік теңдіктың маңыздылығын мойындап, арнайы құжат қабылдаған. Нью-Йорктегі жиынға қатысушылар содан бері біраз табысқа қол жетсе де, көптеген мәселе әлі шешілмей жатқанын айтады.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бұған дейінгі бір кеңес үстінде қазір мектепке баратын қыздар саны адам тарихындағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткенін, жаңа туған ана өлімінің де екі есе азайғанын хабарлаған. Бас хатшы әйелдердің зорлық-зомбылық көруі бәрібір азаймай тұрғанына назар аудартқан.

Халықаралық еңбек ұйымы балалы әйелдердің басқалармен салыстырғанда азырақ жалақы алатыны туралы дерек таратты. Бірақ жас босанған әйелдерге 14 апталық, я одан да көп декреттік демалыс беретін елдер саны 20 жыл ішінде 38-ден 51-ге өскен.

XS
SM
MD
LG