Accessibility links

ОСК президент сайлауына үш кандидатты тіркеуден бас тартты


Оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар.
Оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсар.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан президенттігіне кезектен тыс сайлауға өзін-өзі ұсынған азамат - Қанат Жұманды, қоғамдық белсенді Есенбек Өктешбаев және оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсарды "президент сайлауы кандидаттарына қойылатын талаптарға сай келмейтіндігіне байланысты" тіркеуден бас тартты.

ОСК аталған үш азаматтың кандидатурасын "мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмады" деп тіркемей тастаған.

ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен бұған дейін Уәлихан Қайсаровтың құжаттарына күмән білдірген. Астанада өткен брифингте ол «Қайсаров президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен жазған» деп мәлімдеді. Ләззат Сүлеймен сөзіне дәлел ретінде журналистерге оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсаровтың өтінішінің фотосуретін көрсетті.

ОСК мүшесі айтқан деректерін тексерту үшін ішкі істер министрлігіне сұрау салынғанын хабарлады. Бұған қоса, ол Қайсаровтың қазақ тілінде толтырған өмірбаяндық деректерінде бірнеше қате кеткенін де айтқан.

Уәлихан Қайсаров бұған дейін, 2011 жылы, мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауына түспекші болған. Бірақ лингвистикалық комиссия үміткерді қазақ тілін еркін білмейді деп сайлаудан шеттеткен еді.

ОСК-нің дерегіне қарағанда, бүгінге дейін кезектен тыс президент сайлауына қатысуға 14 адам ниет білдірген. Қазіргі күнге олардың тек біреуі – «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі Лимана Қойшиева ғана конституция талабына сай деп танылған. Оған өз кандидатурасын қолдайтын сайлаушылардан қол жинау парақтары берілген.

XS
SM
MD
LG