Accessibility links

БҰҰ елдері 2030 жылға дейін әйел теңдігін орнатуға міндеттелді


БҰҰ-ның әйелдер құқығы туралы конференциясына қатысушылар. Нью-Йорк, 9 наурыз 2015 жыл.

БҰҰ-ның әйелдер құқығы туралы конференциясына қатысушылар. Нью-Йорк, 9 наурыз 2015 жыл.

БҰҰ-ға мүше елдер 9 наурыз күні Нью-Йоркте 2030 жылға дейін ерлер мен әйелдердің толық теңдігіне жету іс-шаралары туралы саяси декларация қабылдады.

Іс-шаралар қатарында әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жолында жұмсалатын инвестиция туралы да айтылған.

Әйелдер құқығы жөніндегі саяси декларация БҰҰ-ның әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 59-сессиясында қабылданды. 20 жыл бұрын Пекинде әлем елдерінің жетекшілері гендерлік теңдіктің маңыздылығын мойындап, Пекин декларациясын қабылдаған еді. Нью-Йорктегі жиынға қатысушылар содан бері біраз табысқа қол жетсе де, әлі көптеген мәселе шешілмей жатқанын айтады.

Саяси декларацияда үкіметтердің алты стратегия арқылы нақты шаралар қабылдауға міндетті екені айтылған. Ол стратегиялар қатарында заңдардың орындалуын күшейту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жолында маңызды рөл атқаратын институттарды нығайту, әйелдерге қатысты стереотиптер мен кемсітушілік нормаларды жою міндеттері бар. Саяси декларацияда бұған қоса, азаматтық қоғамды дамытуда ерлер рөлінің маңызды екені де айтылады.

Саяси декларация қабылданар қарсаңда әйелдер құқықтарын қорғайтын мыңға тарта ұйым бірлескен мәлімдеме жасап, құжатты даярлау барысында азаматтық белсенділер ұсыныстары ескерілмегенін айтты.

XS
SM
MD
LG