Accessibility links

Solar Impulse 2 Жерді айналып ұшу сапарын бастады


Абу Дабиден ұшып шыққан Solar Impulse 2 ұшағы. 9 наурыз 2015 жыл.
Абу Дабиден ұшып шыққан Solar Impulse 2 ұшағы. 9 наурыз 2015 жыл.

Күннен қуат алатын батарея орнатылған Solar Impulse 2 ұшағы бірінші рет Жер шарын айналып ұшып шығу сапарын бастады. Si2 деп те аталатын ұшақ Абу Дабиден ұшып шығып, 12 сағаттан соң Оман астанасы Мускат қаласына келіп қонды.

Ұшақ Жерді бес ай ішінде айналып шықпақ. Ұшақ Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты үстінде тоқтаусыз бес-алты күн ұшуы тиіс.

Solar Impulse 2 қанаттарының жалпы ұзындығы кәдімгі ұшақтікіне пара-пар болғанымен, салмағы жеңіл көліктей ғана болады.

Ұшақты жасаушы пилоттар Бертран Пикар мен Андре Боршбергтің айтуынша, олар "ескірген, қоршаған ортаны ластайтын технологияны анағұрлым тиімді технологияға алмастырудан" үміт етеді.

XS
SM
MD
LG