Accessibility links

Ирактағы содырлар Киркук қаласынан шегінді


Киркуктың оңтүстік-батысында жүрген күрд жасақтары, Ирак.

Киркуктың оңтүстік-батысында жүрген күрд жасақтары, Ирак.

Күрд жасақтары Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласынан "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларын ығыстырып шығарды.

Ирактың Күрдістан автономиялық ауданы қауіпсіздік қызметінің 9 наурыз күні хабарлауынша, күрд жасақтары Киркуктың оңтүстігі мен батысында 100-ге тарта содырдың көзін жойып, 100 шаршы километр аумақты бақылауына алған. Күрд әскерінің генерал-майоры Омар Салех Хассан Reuters агенттігіне "содырлар күрд жасақтарына аса қатты қарсылық көрсетпегенін" айтқан.

Содырлар бұған қоса, Киркуктен оңтүстік-батысқа қарай 110 километр қашықтықтағы Тикрит қаласына жақындап келе жатқан Ирак әскерімен де соғысып жатыр.

Ирак әскері мен шиит жасақтары бірлесіп, Тикриттің солтүстігіндегі әл-Алам қаласын содырлардан қайтарып алу операциясын бастаған.

XS
SM
MD
LG