Accessibility links

АҚШ Венесуэла шенеуніктеріне санкция салды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 9 наурыз 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 9 наурыз 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Венесуэланың жеті шенеунігіне "коррупцияға және адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар" деп, санкция салды.

Ақ үйдің 9 наурыз күні хабарлауынша, Венесуэланың санкция салынған лауазымды тұлғалары арасында барлау қызметінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Венесуэла сыртқы істер министрі Дельси Родригес "Каракас (Венесуэла астанасы - ред.) санкцияға қатысты жауап шараларын қабылдайтынын" хабарлады.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түскен. Өткен аптада Каракас Вашингтоннан "екі апта ішінде Венесуэладағы дипломатиялық миссия қызметкерлер санын 20 пайызға дейін азайтуды талап еткен".

АҚШ Венесуэланы антиамерикалық саясаты үшін сынайды.

XS
SM
MD
LG