Accessibility links

ҚХКП үміткері қазақ тілі сынағынан өтті


Қазақстан коммунистік партиясы президенттік сайлауға ұсынған үміткер Тұрғын Сыздықов. Астана, 4 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан коммунистік партиясы президенттік сайлауға ұсынған үміткер Тұрғын Сыздықов. Астана, 4 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) атынан президенттікке ұсынылған үміткер Тұрғын Сыздықов қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын емтиханнан өтті деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков комиссия Сыздықовты қазақ тілін еркін меңгерген деп тапқанын айтқан.

ҚХКП Сыздықовты президенттікке 4 наурызда кезектен тыс съезінде ұсынған. Бұған дейін мемлекеттік тіл емтиханынан өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиева да өткен.

ОСК бұған дейін өзін-өзі ұсынған бес үміткерді "қазақ тілін еркін білмейді" деп сайлауға кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан. Тағы екі үміткер жасы талапқа сай 40-қа толмағандықтан тіркеле алмай қалды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG