Accessibility links

"АрселорМиттал Теміртау" кей цехын аутсорсингке шығармақ


Аутсорсинг компаниялардың өкілдері мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы басшылығы баспасөз жиынында. Теміртау, 10 наурыз 2015 жыл.
Аутсорсинг компаниялардың өкілдері мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы басшылығы баспасөз жиынында. Теміртау, 10 наурыз 2015 жыл.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 500-ге тарта жұмысшы істейтін бірнеше цехы мен бөлімшесі биыл аутсорсингке беріледі. Компания басшылығы бүгін баспасөз конференциясында тендер жарияланғанын хабарлады.

- Аутсорсинг дегеніміз - негізгі емес, қосалқы бизнесті басқалардың жүргізуіне беру. Бұл шығындарымызды азайту үшін қажет. Біз қосалқы, саламызға сай келмейтін бизнеспен айналысқымыз келмейді. Оны сол кәсіпті меңгергендер істесін, - деді Теміртауда өткен баспасөз жиынында компанияның еңбек ресурстары және еңбек қатынастары жөніндегі директоры Дмитрий Павлов.

Компания биыл жекелеген аутсорсер кәсіпорындарға тендер арқылы домна цехының шлакты қайта өңдейтін бөлігін, газ толтырғыш станциясын, автоцех пен басқа да кәсіпорындарды өткізіп беруді жоспарланып отыр. Павлов "бұдан ешкім зардап шекпейді және қорқатын түгі жоқ" дейді.

"АрселорМиттал Теміртау" аутсорсинг арқылы бұған дейін компания құрамында болған ағаш цехының, "Шахтер" және "Жартас" демалыс үйлері, күзет, тамақтану комбинаттары мен басқа да кәсіпорындардың екі мыңға тарта жұмысшысын босатқан.

XS
SM
MD
LG