Accessibility links

Алматыда «Азаттық» сыйлығы тапсырылды


Наурыздың 10-ы күні Алматыда "Азаттық" сыйлығы тапсырылды. Биыл бұл сыйлыққа диссидент Кәрішал Асанов, жабылған Adam Bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева және саяси эмигрант Мұратбек Кетебаев ие болды. Марапаттау рәсіміне аталған азаматтардың тек біреуі ғана – Гүлжан Ерғалиева ғана қатыса алды. Ал Кәрішал Асанов ауырып келе алмай қалған. Оның сыйлығы қызы Қарлығаш Асановаға тапсырылды. Ал жақында ғана Мадрид түрмесінен босаған саяси эмигрант Мұратбек Кетебаевке сыйлығын nakanune.kz сайтының журналисі Татьяна Панченкоға жеткізеді.

"Азаттық" сыйлығы 2003 жылдан бері демократияның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға беріліп келеді. Былтыр бұл сыйлықты журналист Лұқпан Ахмедьяров, Ирина Петрушева, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина және белсенділер Жасарал Қуанышәлин мен Айнұр Құрманов алды.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG