Accessibility links

Иранда Сарапшылар кеңесінің жаңа басшысы сайланды


Ирандағы Сарапшылар кеңесінің төрағасы болып сайланған аятолла Мохаммад Йазди. Тегеран, 10 наурыз 2015 жыл.

Ирандағы Сарапшылар кеңесінің төрағасы болып сайланған аятолла Мохаммад Йазди. Тегеран, 10 наурыз 2015 жыл.

Иранда елдің жоғарғы рухани басшысын тағайындап, орнынан түсіре алатын Сарапшылар кеңесінің төрағасы болып консервативтік аятолла Мохаммад Йазди сайланды.

Иранның IRNA агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Сарапшылар кеңесі төрағасының орынбасары болған 83 жастағы Мохаммад Йазди кеңестің жабық жиынында сайланған. Кеңес жиынына оған мүше 86 адамның 73-і қатысқан. Йаздиді қолдап 47 адам дауыс берген. Йазди кеңес төрағасы болып қалуы ықтимал бес адамның санатында болғанымен, оны жеткілікті дауыс жинайды деген болжам жасалмаған еді.

Мохаммад Йазди елдің сот жүйесін он жыл басқарған, 1979 жылғы ислам төңкерісінен кейін парламент вице-спикері болған. Сарапшылар кеңесінің Йаздиге дейінгі төрағасы Мохаммадреза Махдави Кани өткен жылдың қазан айында қайтыс болған.

Онымен бірге дауысқа түскен Иранның бұрынғы президенті, 2007-2011 жылдары Сарапшылар кеңесі төрағасы болған Акбар Хашеми Рафсанджани 24 дауыс алды.

Діни білімі жоғары сарапшылардан тұратын кеңес Иранның рухани жетекшісін шексіз мерзімге сайлап, қызметіне бақылау жасайды, қажет деп тапса рухани жетекшіні қызметінен алып тастай алады.

XS
SM
MD
LG