Accessibility links

Киев: Сепаратистер бітім шартын бұзды


Донецк облысының Артемьевск селосы маңындағы украин әскері. 6 наурыз 2015 жыл.
Донецк облысының Артемьевск селосы маңындағы украин әскері. 6 наурыз 2015 жыл.

Киев ресейшіл сепаратистерді Шығыс Украинада, оның ішінде Мариуполь қаласының маңында үкімет әскерінің позицияларын атқылап, бітім шартын бұзды деп айыптады.

Украина армиясының өкілі Владислав Селезневтің 10 наурызда Киевте хабарлауынша, өткен тәулікте сепаратистер Донецк облысындағы Пески, Водяне, Тоненке, Опытные, Авдеевский, Троицк, Луганск қалалары мен Дутьевский кенішінің маңын атқылаған.

Луганск облысында сепаратистер Сокольники мен Крымск елді мекендері маңындағы украин әскерінің позицияларына оқ атқан.

Украин шенеуніктері мен әскерилері 9 наурыз күні кешке Мариуполь маңындағы Широкино елді мекені минометтер мен танктен атқыланғанын, бірақ шабуыл тойтарылғанын айтады.

Донецкідегі сепаратистер басшысы Эдуард Басурин украин әскерилерінің өзін қақтығысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды деп айыптайды.

Украина президенті Петр Порошенко кеше Донбасстағы қақтығысты тоқтату келісімі күшіне енген 15 ақпаннан бері 64 украин сарбазы оққа ұшқанын айтқан.

БҰҰ дерегі бойынша, Шығыс Украинада әскери қимылдар басталған өткен жылдың сәуірінен бері 6 мыңнан астам адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG