Accessibility links

Арон Атабектің шағымы жартылай қанағаттандырылды


Ақын, диссидент Арон Атабек Бақайдағы үйлерді сүруге қарсы акциядан кейін жарақат алған сәті. Алматы. 13 мамыр 2006 жыл.

Ақын, диссидент Арон Атабек Бақайдағы үйлерді сүруге қарсы акциядан кейін жарақат алған сәті. Алматы. 13 мамыр 2006 жыл.

Астана қаласы сотының кассациялық коллегиясы ақын, диссидент Арон Атабек берген шағымды жартылай қанағаттандырды.

Арон Атабектің қорғаушысы Жанар Балғабаева Азаттыққа сот "азаптау туралы шағымды қанағаттандырмағанын" айтты.

Адвокаттың айтуынша, сот қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (КУИС) әрекеттеріне қатысты шағымды қанағаттандырып, Арон Атабек қолжазбаларын қайтарып алуға және туысқандарымен кездесуге рұқсат алған.

Арон Атабек түрмедегі жағдайдың төмендігін, қылмыстық атқару жүйесі комитеті (КУИС) оның шағымдарына назар аудармайтынын айтып шағымданған.

Оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова Азаттыққа түрме басшылығы Арон Атабекті ұзақ уақыттан бері бір кісілік камераға қамап, киім-кешек алуға да рұқсат бермей отырғанын айтқан.

61 жастағы Арон Атабек (Едігеев) «2006 жылдың шілдесінде Алматыдағы Шаңырақ ықшам ауданында болған оқиғаларды ұйымдастырды» деген айыппен 2007 жылы қазанда 18 жылға сотталған. Полиция мен Шаңырақ тұрғындарының қақтығысы кезінде бір полицей қаза тапқан еді. Қазақстандық құқық қорғаушылар Арон Атабекті саяси тұтқын деп санайды.

XS
SM
MD
LG