Accessibility links

Өзбекстанның танымал ислам ғалымы қайтыс болды


Өзбекстанның танымал мұсылман ғалымы, теолог Мұхаммед Содиқ Мұхаммед Юсуф.

Өзбекстанның танымал мұсылман ғалымы, теолог Мұхаммед Содиқ Мұхаммед Юсуф.

Ташкентте 10 наурызда Өзбекстанның танымал мұсылман ғалымы, теолог Мұхаммед Содиқ Мұхаммед Юсуф 63 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды. Ғалым Ташкенттегі Ислам университетінің спорт залында баскетбол ойнап жүргенде жүрек талмасы ұстап көз жұмған.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, бүгін марқұмды жерлеу рәсімі қарсаңында Ташкентте полиция қарасы көбейген. Мұхаммед Содиқтың қазасын естіп Ташкенттегі үйі алдына оның жүздеген жақтасы жиналған.

Мұхаммед Содиқ Өзбекстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы мүфтиі, Өзбекстан мен оған көршілес Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы көптеген мұсылмандар үшін бейресми діни жетекшісі болған.

Мұхаммед Содиқ 1997 жылы Меккедегі Дүниежүзілік мұсылмандар лигасы ұйымы құрылтайшылар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Мұхаммед Содиқ исламды барынша демократияландыруға шақырып, исламның қалыпты формасын насихаттаған. Ол "Ислам мемлекеті" мен басқа да экстремистік топтарды ашық сынап, қарсы шығып жүрген.

XS
SM
MD
LG