Accessibility links

Астанада "Нұр Отан" съезі басталды


"Нұр Отан" партиясының съезі. Aстана. 11 наруыз 2015 жыл.
"Нұр Отан" партиясының съезі. Aстана. 11 наруыз 2015 жыл.

Астанада "Нұр Отан" партиясының кезекті 16 съезі басталды. Съезге партия төрағасы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр.

Партия съезін өткізу туралы шешім Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауы белгіленген күннің ертеңінде, 26 ақпанда қабылданған. Президент сайлауын 26 сәуірге белгілеген Назарбаев сайлауға түсер-түспесін кейінірек жариялайтынын айтқан.

Партияның ресми вебсайтында хабарланғандай, съездің күн тәртібінде "Нұр Отан" атынан президенттікке үміткер ұсыну мәселесі бар.

Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, съезге Қазақстанның түрлі аймағынан 2 мыңға тарта адам қатысып жатыр. Оның 1200-і делегат.

XS
SM
MD
LG