Accessibility links

Назарбаев капиталды заңдастыруға шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерді капиталды заңдастыруға белсенді қатысуға шақырды.

"Нұр Отан" партиясының Астанада өтіп жатқан 16-съезінде сөйлеген Назарбаев "Бұған дейінгі капиталды заңдастыру науқандарында ешкімді жазалап, тексерген жоқпыз. Бұл жолы да кепілдік берем. Ақшаларыңызды Қазақстанға әкеліңіздер, бізге жұмыс істесін" деді.

Президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаевқа айтқандарын бизнесмендерге жеткізуге тапсырды.

Назарбаев 2017 жылы Қазақстанда жалпы халықтық табыс декларациясын өткізу шарасы жүретінін ескертіп, капиталды қазір заңдастырып алмаса кейін мәселе қиындайтынын айтты.

"Шетелде ешнәрсені жасыруға болмайтынын көріп отоырсыздар. Таяуда ғана ағылшын банкі өзінде ақшасын сақтап отырған әлемнің 100 мың адамның аты-жөнін жариялады" деді президент Назарбаев.

XS
SM
MD
LG