Accessibility links

Бішкек: Сирияға 230-дан аса қырғыз азаматы кеткен


"Ислам мемлекетінің" туы (Көрнекі сурет)

"Ислам мемлекетінің" туы (Көрнекі сурет)

Сириядағы экстремистік топтарға қосылған Қырғызстан азаматтарының саны 230-дан асқан. Бұл туралы хабарлаған осы елдің ішкі істер министрлігі Сирияға кетіп жатқан Қырғызстан азаматтарының саны өсіп бара жатқанын атап өткен.

Ақпанның басында Қырғызстан үкіметі өз есебінде елдің 22 азаматы Сирияда қаза тапқан деп хабарлаған.

Қырғызстанда тұрғындарды Сирияға кетуге үгіттеуге байланысты 90-ға жуық іс қозғалған.​

Халықаралық дағдарыс тобы биылғы есебінде соңғы үш жылда Орталық Азия аймағынан исламшыл экстремистік топтарға қосылған адам саны екі мың мен төрт мың аралығында деп көрсеткен.

XS
SM
MD
LG