Accessibility links

ТЖМ: Қазандағы өрт орнында тірі қалғандар жоқ


Қазан қаласындағы "Адмирал" сауда кешеніндегі өрт. Ресей, 11 наурыз 2015 жыл.
Қазан қаласындағы "Адмирал" сауда кешеніндегі өрт. Ресей, 11 наурыз 2015 жыл.

Қазан қаласындағы өрттен бүлінген «Адмирал» сауда орталығы ғимаратының қирандысы астында тірі қалғандар жоқ деп хабарлады Ресей төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Приволжск аймақтық орталығының бастығы Игорь Паньшинге сілтеме жасаған ресейлік ақпарат агенттіктері.

Бұған дейін өртенген сауда ғимараты орнынан қаза тапқан бес адамның денесі табылғаны хабарланған еді. Хабар-ошарсыз кеткен 25 адамның арасында төтенше жағдайлар қызметінің бір өкілі бар. Паньшин өрттен қатты бүлінген ғимаратты бұзып құлату туралы шешім қабылданғанын айтқан. Бұған дейін Татарстан төтенше жағдайлар министрі Марат Рахматтулин өртенген құрылыс бөліктері құлап кету қаупі болғандықтан ғимарат орнын қирандылардан аршу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді.

ТЖМ-нің негізгі болжамы бойынша, өртке электр жүйесіндегі ақау себеп болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт «Адмирал» сауда үйіне жапсарласа салынған екі қабатты кафеден басталған. Өрт салдарынан ғимаратқа кіретін жердің бірі құлап түскен.

«Адмирал» сауда орталығында сәрсенбі күні күндіз басталған өрт тек түнге қарай сөндірілген.

XS
SM
MD
LG