Accessibility links

ХВҚ Украинаға несие беруді мақұлдады


Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард.
Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Украинаға төрт жылдық бағдарламамен 17,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие беруді мақұлдады. ХВҚ басшысы Кристин Лагардтың айтуынша, бағдарлама "Украина экономикасын жеделдете тұрақтандыруға және жақын келешекте тұрақты өсіп отыруына, украин халқының өмір сүру жағдайының жақсаруына септеседі".

Бұған дейін Украина қаржы министрі Наталья Яресько Киев соңғы 10 жылда ең төмен деңгейге түсіп кеткен халықаралық резервтерін арттыру үшін ХВҚ-дан жақын күндері 5 миллион доллар несие алуды көздеп отырғанын айтады.

Болжам бойынша, Украина экономикасы биыл елдің шығысындағы қақтығыс пен Ресеймен сауда-саттықтың іс жүзінде тоқтап қалуына байланысты 5,5 пайызға қысқарады.

Украина Жоғарғы Радасы өткен аптада ХВҚ-дан несие алу үшін бірқатар қатаң экономикалық реформалар жүргізуді, оның ішінде зейнетақыны азайтып, салықты көбейтуді мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG