Accessibility links

БҰҰ-да белсенділер Савченкоға қолдау білдіре бастады


БҰҰ-ның әйелдер құқықтары бойынша конференциясына қатысушылар. Нью-Йорк, 9 наурыз 2015 жыл.

БҰҰ-ның әйелдер құқықтары бойынша конференциясына қатысушылар. Нью-Йорк, 9 наурыз 2015 жыл.

Нью-Йоркте БҰҰ-ның Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 59-сессиясына қатысушы белсенділер атынан Ресейде қамауда отырған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы қолдаған көптеген хаттар түсіп жатыр.

Украиналық құқық қорғаушы Людмила Порохняк-Гановскаяның айтуынша, белсенділер Ресейді Савченконы босатуға шақырады.

Надежда Савченко өткен жылдың жазынан бері Мәскеуде "Украинада ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар" деген күдікпен қамауда жатыр. Бірақ ол өзін сепаратистер ұстап Ресейге жөнелткенін айтып, тағылған айыпты мойындамайды.

БҰҰ комиссиясының әлемдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі туралы сессиясында жүрген Порохняк-Гановская түрлі мемлекеттен келген белсенділерге Савченко жайлы айтып, оған демеу болатын хаттар жазуға шақырды. Порохняк-Гановская қазір Савченкоға қолдау қажет екенін айтып, жиналған хаттарды Савченконың адвокатына жіберетінін мәлімдеген.

Сессияда әлемде әр үшінші әйел физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды деген мәлімет айтылды. Әйелдер көбінесе жұмысында жыныстық қысымға тап болып, үйде соққы жейді. БҰҰ дерегінше, әлемде 603 миллион әйел үйде көрген зорлық-зомбылығы қылмыс деп саналмайтын елдерде тұрады.

XS
SM
MD
LG