Accessibility links

ЖСДП кезектен тыс президент сайлауына қатыспайды


Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

ВИДЕО: Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесі. Алматы. 12 наурыз, 2015 жыл.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауға қатыспайтын болды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін Алматыда партия саяси кеңесінің жиыны өткен. Партия басшылығы жиында мәлімдеме жасаған.

Онда "ЖСДП кезектен тыс президент сайлауына қатысудың мәні жоқ деп санайды және өз кандидатын ұсынудан бас тартады. Партия мұндай сайлауларды заңды етуге қатыспайтынын мәлімдейді" делінген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген. Қазірге дейін өзін-өзі ұсынған үміткер Лимана Қойшиева, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов пен Нұрсұлтан Назарбаев қана қазақ тілі сынағынан өтті. Оларға өзін қолдайтын 93 мыңнан астам адамның қолын жинайтын парақша берілген.

Бүгін "Ақ жол" партиясы Астанада өткен 12-съезінде сайлауға кандидат ұсынбайтынын, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын жария еткен.

XS
SM
MD
LG