Accessibility links

Әбілғазы Құсайынов президенттікке өзін-өзі ұсынды


Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов кезектен тыс президент сайлауына үміткер болып тіркелуге өтініш берді деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Орталық сайлау комиссиясы қызметкерінің айтуынша, Құсайынов комиссияға құжаттарын бүгін түске дейін тапсырған.

Әбілғазы Құсайынов бұрын Қарағанды облысының әкімі, көлік және коммуникация министрі, мәжілістің вице-спикері болған.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 15 наурызда аяқталады. Қазірге дейін төрт үміткер - өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиева, Қанат Төрегелдиев, "Нұр Отан" партиясы атынан президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан Тұрғын Сыздықов қазақ тілі сынағынан өткені хабарланған. Оларға өздерін қолдайтындар қолын жинайтын парақша берілген.

Бүгін "Аттан Қазақстан" қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек те президенттікке өзін-өзі ұсынғанын мәлімдеген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG