Accessibility links

Заур Дадаев тұтқындауға қарсы шағым берді


Борис Немцовтың қазасына күдікті Заур Дадаев сот залында. Мәскеу, 8 наурыз 2015 жыл.

Борис Немцовтың қазасына күдікті Заур Дадаев сот залында. Мәскеу, 8 наурыз 2015 жыл.

Борис Немцовтың өліміне күдікті ретінде тұтқындалған Заур Дадаевтың адвокаттары оны қамауға алумен келіспей арыз берді деп хабарлады Мәскеудің Басман сотының баспасөз-хатшысы Анна Фадеева.

Бұған дейін Немцовтың қазасы бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде наурыздың 8-і күні Басман соты тұтқындауға шешім шығарған бес адамның үшеуі – Анзор Губашев, Хамзат Бахаев және Тамерлан Эскерханов өздерін қамаумен келіспей шағым берген.

Әзірше тергеу ісінде Заур Дадаев пен Анзор Губашевқа айып тағылған. Немцов өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың барлығы айыбы жоқ екендерін айтады.

Наурыздың 10-ы күні Шешенстан полиция жасағының бұрынғы қызметкері Заур Дадаев бұған дейін айыбын мойындайтыны туралы айтқанын бас тартқан. Өзімен тергеу абақтысында жолыққан құқыққорғаушыларға ол ұстаған кезде өзін ұрып-соққанын айтқан. Дадаев өзінің кінәсіз екенін мәлімдемекші болып қол-аяғы кісендеулі, басына пакет кигізілген қалпы екі тәулік өткізгенін, бірақ сотта өзіне сөз берілмегенін айтқан. Басман соты оны тұтқындауға шешім шығарғанда Дадаевтың «тергеу кезінде қылмысты мойындағанын» негізге алған.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцов ақпанның 27-і күні кешке Мәскеуде атып өлтірілген.

XS
SM
MD
LG