Accessibility links

Түркіменстан бейбіт жиынға жартылай рұқсат етті


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 1 маусымнан бастап кейбір топтардың бейбіт демонстрациялар өткізуіне рұқсат ететін заңға қол қойды.

"Золотой век" үкіметшіл ақпараттық сайтының хабарлауынша, заңда "өзіне жауапкершілік жүктей алатын Түркіменстан азаматтары, партиялар, әлеуметтік топтар мен діни ұйымдар көпшілік қатысатын демонстрациялар ұйымдастырып, өткізе алады" деп көрсетілген.

Заң бойынша, демонстрациялар үкімет ғимараттарынан, оның ішінде президент резиденциясынан кем дегенде 200 метр қашықтықта өткізілуі шарт және оны жекелеген адамдар мен шетел үкіметтері қаржыландырмауы тиіс.

Заңға сай, сот іс-әрекеті үшін заң алдында жауап бере алмайды деп тапқан, заңға қайшы әрекеті үшін айыпталған азаматтардың, заң бойынша қызметіне тыйым салынған партиялар, діни ұйымдар мен топтардың демонстрация ұйымдастыруына тыйым салынады. Сайттың ақпаратына қарағанда, бұл өзгерістер азаматтардың конституцияда көрсетілген бейбіт жиын өткізу құқығын іске асыру үшін жасалып отыр.

Түркіменстанда үкіметке қарсы демонстрация соңғы рет 10 жыл бұрын өткен. Демонстрацияға қатысқандардың көпшілігі нашақор, маскүнем деп жарияланып, түрмеге жабылған.

XS
SM
MD
LG