Accessibility links

Қазанда өрт құрбаны 9 адамға жетті


Қазан қаласында өртенген "Адмирал" сауда кешенінің орны. Ресей, 12 наурыз 2015 жыл.
Қазан қаласында өртенген "Адмирал" сауда кешенінің орны. Ресей, 12 наурыз 2015 жыл.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі бүгін Қазан қаласындағы "Адмирал" сауда кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны тоғыз адамға жеткенін хабарлады.

Ресей билігі 11 наурызда өрт болған сауда кешені орнындағы қирандылар астында қалған 20-дан астам адамды іздеп жатыр. Өрттен кемінде 55 адам жараланған. Олардың арасында полицияның екі қызметкері мен екі құтқарушы бар.

Тәжікстанның еңбек, миграция жәнее халықты жұмыспен қамту министрлігінің Ресейдегі миграциялық қызметі өкілдігінің баспасөз хатшысы Иброхим Ахмадовтың Азаттыққа хабарлауынша, қаза тапқандардың бесеуі - Тәжікстан азаматы.

Қазақстандық агенттіктердің Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазандағы өртте қаза тапқандар арасында әзірге қазақстандықтар жоқ.

XS
SM
MD
LG