Accessibility links

Патриоттар партиясы Назарбаевтың кандидатурасын қолдады


Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов.

Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов.

Қазақстан патриоттар партиясы кезектен тыс президент сайлауына үміткерін ұсынбайды, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды деп мәлімденді бүгін партияның Астанада өткен 13-съезінде.

Партия жетекшісі Ғани Қасымов съезде өзінің Назарбаевтың сайлау алдындағы штабы құрамына кіргенін хабарлады. Оның сөзінше, Назарбаевтың саясаты Қазақстан патриоттар партиясының "жарғысы мен стратегиялық аспектілеріне" сай келеді.

Бүгін "Ауыл" партиясы, кеше "Ақ жол" партиясы Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеген.

11 наурызда өткен съезінде "Нұр Отан" партиясы Назарбаевтың кандидатурасын президенттікке ұсынған. Сол күні Назарбаев Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырып, қазақ тілінен сынақ тапсырған.

Қазірге дейін өзін қолдайтындардың қолын жинау парақшасы президенттікке үміткер төрт адамға - Нұрсұлтан Назарбаевқа, Коммунистік халықтық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықовқа және өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиева ме Қанат Төрегелдиевке берілді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді. Үміткерлерді ұсыну 15 наурызда, тіркеу 26 наурызда аяқталады.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG