Accessibility links

Светлана Давыдоваға қозғалған іс тоқтады


Светлана Давыдова қамаудан босатылғаннан кейін күйеуі және балаларымен бірге. Вязьма, 4 ақпан 2015 жыл.

Светлана Давыдова қамаудан босатылғаннан кейін күйеуі және балаларымен бірге. Вязьма, 4 ақпан 2015 жыл.

Ресейлік көпбалалы ана Светлана Давыдованың үстінен "мемлекетке сатқындық жасады" деген айыппен қозғалған қылмыстық іс құрамында қылмыс белгісі жоқ болғандықтан тоқтатылды. Бұл туралы хабарлаған оның адвокаты Иван Павловтың айтуынша, Давыдоваға тағылған айыптардың барлығы алынып тасталған.

Мәскеуден 240 километр жердегі Вязьма қаласының тұрғыны, жеті баланың анасы 36 жастағы Светлана Давыдова қаңтардың 21-інде тұтқындалған. Ол "Украина елшілігіне телефон соғып, Украинаға әскер жөнелтілгенін хабарлады" деген күдікке ілінген. Сот оны әуелде 19 наурызға дейін қамауға алған.

Кейін қоғам тарапы мен құқық қорғаушылардың қысымымен ақпанның басында ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Ақпан айының ортасында Мәскеу соты оның қамауға алынуын заңсыз деп таныған.

Светлана Давыдованы қамаудан босатуды сұраған үндеуге қырық мыңнан аса адам қол қойып, оны Ресей президенті Владимир Путинге жолдаған.

XS
SM
MD
LG