Accessibility links

ОСК: Турагелдиевке қол жинау құжаттары беріледі


Орталық сайлау комиссиясының отырысы. Астана, 13 наурыз 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы. Астана, 13 наурыз 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан президенті сайлауына кандидат болуға өзін-зі ұсынған Қанат Турагелдиевті сайлау талаптарына сай келеді деп тапты. ОСК оған өз кандидатурасын қолдайтындардан қол жинау үшін тиісті парақшалар беруге шешім қабылдаған.

Президент сайлауына түскісі келетіндер кандидат болып тіркелу үшін өзін қолдайтын 93 мың адамның қолын жинап, ОСК-ға бір миллион 60 мың теңге көлемінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.

Қанат Турагелдиев кеше ОСК жанындағы лингвистикалық комиссияға қазақ тілінен сынақ тапсырған. Сайлаушылар қолын жинау парақшалары бұған дейін өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиеваға, "Нұр Отан" партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықовқа берілген.

Кандидаттарды ұсыну 15 наурызда аяқталады. Кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG