Accessibility links

Канн фестиваліне қазақстандық фильм де барады


Канн кинофестивалінің белгісі. (Көрнекі сурет)

Канн кинофестивалінің белгісі. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық режиссер Әлішер Сүлейменовтің "Ай Күнді сүйеді" атты қысқа метражды фильмі биылғы Канн кинофестивалінің Short Film Corner бағдарламасына қатысатын болды деп хабарлайды "Интерфакс" агентттігі. Сүлейменовтің агенттікке айтуынша, ол фестивальдің ұйымдастыру комитетінен бағдарламаға қатысуға ресми шақырту алған.

Short Film Corner бағдарламасына таңдап алынған фильмдер конкурсқа қатыспайды. Бірақ бұл бағдарламаға 100-ге жуық елдің екі мыңға тарта қысқа метражды фильмдерінен іріктеліп алынған ең жақсы фильмдер ғана қатыстырылады.

Қайырымдылық пен махаббат тақырыбына түсірілген "Ай Күнді сүйеді" қысқа метражды фильмі - Әлішер Сүлейменовтің 1990 жылы шыққан алғашқы "Құс" фильмінің жалғасы. "Құс" фильмі Киевте өткен "Молодость" халықаралық кино фестивалінде бірінші орын алған.

"Ай Күнді сүйеді" фильмінде басты рөлдерді Бақыт Жанғалиева, каскадер әрі актер Баходыр Жалметов, Бақтияр Тұрсынов пен Марина Климович ойнаған.

XS
SM
MD
LG