Accessibility links

Жаңадан шыққан ADAM журналы саудаға түсті


Аян Шәріпбаев қолына жаңадан шыққан ADAM журналының алғашқы санын ұстап тұр. Алматы, 13 наурыз 2015 жыл.

Аян Шәріпбаев қолына жаңадан шыққан ADAM журналының алғашқы санын ұстап тұр. Алматы, 13 наурыз 2015 жыл.

Сот шешімімен жабылған ADAM bol журналының редакциясы жаңадан шығарған ADAM журналы бүгін түске қарай Алматыда сауда орындарына түсе бастады деп хабарлады Азаттыққа журналдың бас редакторы Аян Шәріпбаев.

Оның айтуынша, журналдың алғашқы партиясы түнде аймақтарға жөнелтілгендіктен Алматыда таралуы бірнеше сағатқа кешіккен. Алматыдағы сауда орындарына бүгін таңертең ғана басылып шыққан журналдың екінші партиясы ғана түсе бастаған.

Шәріпбаевтың айтуынша, журналдың алғашқы саны 15 мыңнан көп тиражбен басылып шыққан.

Журналдың алғашқы санында басылған бір мақалада бұрынғы премьер-миинстр Әкежан Қажыгелдин шетелдерде жасырулы миллиардтаған қаржыны Қазақстанға қалай әкелуге болатыны жайлы айтады. Бұған қоса кезектен тыс президент сайлауына шамамен қанша қаржы жұмсалатындығы туралы материал да бар.

ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, ақпанның 26-сы күні Алматы қалалық соты басылымды жабу туралы аудандық соттың шешімін күшінде қалдырған соң, жаңадан ADAM журналы шығатыны туралы мәлімдеген. Ерғалиева жаңа журнал билік бұған дейін жауып тастаған ADAM rider's және ADAM bol журналдарының саясатын ұстанатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG