Accessibility links

Bloomberg: Астана хакерлік шабуылға қатысты АҚШ сотына жүгінді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметтік компьютер желілерін бұзып, АҚШ-тың заң фирмасы мен қазақстандық шенеуніктердің құпия ақпараттары бар хаттарын жариялған белгісіз хакерлердің үстінен Нью-Йорк қаласының сотына шағым түсірген. Бұл туралы бүгін Bloomberg агенттігі хабарлады.

Bloomberg ақпаратына қарағанда, компьютерді бұзып кіру фактісі қаңтардың соңында болған. «Қазақстандық шенеуніктердің gmail пошта сервисі арқылы жіберген мыңдаған хаттары ұрланған. Кейбір ақпараттар түрлі веб-сайттарда, оның ішінде Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған» делінген ақпаратта.

Bloomberg ұрланып, таратылған ақпараттар ішінде Қазақстан әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаев пен бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың хаттары бар дейді.

Бұл ақпаратқа қатысты Азаттық әділет министрлігіне хабарласқан еді. Министрліктің баспасөз өкілі өздерінің «мұндай ақпараттан бейхабар» екенін, ал Марат Бекетаевтың «іссапарда жүргенін» айтты.

Қазақстан бас прокуратурасынан бұл мәселеге қатысты ақпарат алу мүмкін болмады.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG