Accessibility links

Құл-Мұхаммед Назарбаевтың сайлау штабын басқарады


Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау алды штабының басшысы, президенттің бұрынғы кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау алды штабының басшысы, президенттің бұрынғы кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Мұхтар Құл-Мұхаммед кезектен тыс президент сайлауына биліктегі "Нұр Отан" партиясы ұсынған кандидат, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау алды штабын басқаратын болды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, штаб құрамына билікшіл "Ауыл", "Бірлік" және Қазақстан патриоттар партиясының жетекшілері де кірген. Бұл үш партия да биылғы сайлауда Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындарын мәлімдеген.

Мұхтар Құл-Мұхаммед наурыздың 4-і күні Назарбаевтың жарлығымен президент кеңесшісі қызметінен босатылған. Ол бұған дейін Қызылорда облысының әкімі, мемлекеттік хатшы, ақпарат және мәдениет министрі болған, "Атамұра" баспа корпорациясын басқарған.

Наурыздың 11-і күні өткен съезінде "Нұр Отан" партиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын президенттікке ұсынған. Сол күні Назарбаев Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырып, қазақ тілінен сынақтан өткен.

Қазақстанда сәуірдің 26-сына белгіленген кезектен тыс президент сайлауына үміткерлерді ұсыну наурыздың 15-інде, ал тіркеу - 26 наурызда аяқталады.​

XS
SM
MD
LG