Accessibility links

NORAD басшысын Ресейдің әскери ісі алаңдатады


Ресейдің «Тополь-М» құрлықаралық баллистикалық зымыраны Мәскеу Қызыл алаңындағы парад кезінде. (Көрнекі сурет)

Ресейдің «Тополь-М» құрлықаралық баллистикалық зымыраны Мәскеу Қызыл алаңындағы парад кезінде. (Көрнекі сурет)

Солтүстік Америка әуе-ғарыш қорғанысы жүйесінің басшылығы Ресейдің әскери іс-қимылдарының жиілеуі АҚШ пен Канадаға қауіп төндіреді деп санайды.

NORAD басшысы адмирал Уильям Гортни наурыздың 12-і күні АҚШ сенатының қарулы күштер комитетіне жазбаша мәлімдемесінде Ресейдің алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандарын одан ары жетілдіруі АҚШ пен Канада қорғаныс жүйелеріне төнетін қатерді ұлғайтатыны айтылған.

Адмиралдың сөзінше, Ресейдің алысқа ұшатын қанатты зымырандары сүңгуір қайықтан, әскери кемелер мен ұшақтардан жіберілуі мүмкін. Ол хатында былтырғы жыл әлемде «Ресей әскери ықпалының айтарлықтай артқан» жыл болғанын атап өткен. Қырғи-қабақ соғысы аяқталғалы бері Ресей ұшақтарын өз әуе кеңістігінен тыс аумақтарға былтырғыдай жиі ұшырған емес дейді Гортни.

АҚШ пен Канаданың әуе-ғарыш қорғанысы бірлескен жүйесі басшылығының штабы (NORAD) АҚШ-тың Колорадо штатында орналасқан. Ұйымның негізгі мақсат-міндетіне Солтүстік Американың әуе және жерге жақын кеңістігіне бақылауды қамтамасыз ету жатады.

XS
SM
MD
LG