Accessibility links

Мэлс Елеусізов өзін президенттікке ұсынды


«Табиғат» экологиялық ұйымы жетекшісі Мэлс Елеусізов.

«Табиғат» экологиялық ұйымы жетекшісі Мэлс Елеусізов.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы «Табиғат» экологиялық ұйымы жетекшісі Мэлс Елеусізовтің президент сайлауына қатысуға тілек білдіріп өтініш тапсырғаны туралы хабарлады.

«Құжаттарымды тапсырдым. Мемлекеттік тілден қашан сынақ тапсыратынымды кейінірек айтар. Жарнаға қажетті соманы жинай аламын деп ойлаймын. Мен сайлауға біздегі өте аянышты экология жағдайына назар аудартқызу үшін түсемін» деген ол Tengrinews сайтына.

Азаматтық белсенді Мэлс Елеусізов Қазақстанда бұған дейін 2005 және 2011 жылдары өткен президент сайлауларын қатысқан. 2011 жылы кезектен тыс президент сайлауында ол өз дауысын 1991 жылдан бері ел президенті қызметінде отырған Нұрсұлтан Назарбаевқа берген еді.

Қазақстанда мерзімінен бұрынғы президент сайлауы биыл 26 сәуірде өтеді. Қазірге дейін өз кандидатурасын қолдайтын сайлаушылардан қол жинау парақшасы президенттікке үміткер төрт адамға – Нұрсұлтан Назарбаевқа, Коммунистік халықтық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықовқа және өзін-өзі ұсынған Лимана Қойшиева мен Қанат Төрегелдиевке берілген.

Президенттікке үміткер ұсыну 15 наурызда, ал үміткерлерді тіркеу мерзімі 26 наурызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG