Accessibility links

Қырымда журналист әйел ұсталғаны хабарланды


Қырымдағы полиция киіміндегі жазу мен белгі. (Көрнекі сурет)

Қырымдағы полиция киіміндегі жазу мен белгі. (Көрнекі сурет)

Қырымның Симферополь қаласында «Журналистік зерттеу орталығының» тілшісі Наталья Кокорина ұсталғаны туралы Азаттықтың Қырым редакциясы хабарлады.

Бүгін таңертең журналистің пәтерінде Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) өкілдері тінту жүргізген. «Журналистік зерттеу орталығының» хабарлауынша, ол жерге барған адвокат Жемил Темишевті пәтерге кіргізбей қойған.

Оның алдында Наталья Кокорина әріптестеріне бүгін таңертеңгі сағат сегізге қарай өзін Киев аудандық учаскелік инспектормын деп таныстырған ер адам телефон шалып, журналисті ата-анасының үйіне келіп кетуге шақырғанын айтқан. Әлгі адам үйдің есігі ашық жатыр деп хабарлаған. Ата-анасының телефондары жауап бермей тұрғанын айтқан Кокорина солардың үйіне бара жатқанын айтқан. Сонан кейін Кокоринаның телефоны да үнсіз қалған.

Жұма, наурыздың 13-і күні ФСБ қызметкерлері Қырымда тағы бір үйді – журналист Анна Андриевскаяның ата-анасының үйін тінткені жайлы ақпарат тарады. Қырымды Ресей аннексиялап алғаннан кейін түбектен кетіп қалған Андриевская содан бері Киевте тұрады. «Қырым» еріктілер батальоны туралы материалы үшін Анна Андриевскаяның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы Симферополь сотының шешімін журналистің әкесіне көрсеткен. Онда Андриевскаяға «Қырымдағы билікті құлатуға шақырған» деген айып тағылғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG