Accessibility links

Серік Ахметовке айып тағылғаны хабарланды


Серік Ахметов, бұрынғы премьер-министр
Серік Ахметов, бұрынғы премьер-министр

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке прокуратура жемқорлық бойынша 6 айып таққан. Tengrinews.kz агенттігі бұл туралы мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлықпен күрес департаментіндегі дерек көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ахметов пара алды, ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, қызмет өкілетін асыра пайдаланды, заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталады. Агенттіктің ақпаратына сәйкес қылмыстық іс сотқа 18 сәуірде жіберіледі.

2012-2014 жылдары Қазақстан үкіметін басқарған, кейін жарты жыл қорғаныс министрі болған Серік Ахметов соңғы бірнеше ай бойы үйқамақта отыр деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG