Accessibility links

Геннадий Головкин мен Вилли Монро рингте кездеспек


Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жанкүйерлерімен кездесуде отыр. Астана, 22 қараша 2014 жыл.
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жанкүйерлерімен кездесуде отыр. Астана, 22 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC версиялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин кезекті жекпе жекте АҚШ өкілі Вилли Монромен кездеседі. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі Головкиннің ресми тобындағы ақпаратқа сәйкес, жекпе жек мамырдың 16-сы күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласындағы The Forum залында өтпекші.

28 жастағы Вилли Монро «Boxcino 2014» турнирінде орта салмақта жеңімпаз атанған.

Осы кезге дейін 32 жекпе жектің барлығында жеңіске жеткен Геннадий Головкин 29 кездесуді нокаутпен ұтқан. Соңғы рет ол ақпан айында британдық боксшы Мартин Мюррейді техникалық нокаутпен жеңіп, рингте қатарынан 19 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған әйгілі боксшы Майк Тайсонның рекордын қайталады.

XS
SM
MD
LG