Accessibility links

Ахрор Сейдахметов тағылған айыпты мойындамады


АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовтің (сол жақта) сот залынан салынған суреті. Нью-Йорк, Бруклин федералдық соты, 25 ақпан 2015 жыл.

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметовтің (сол жақта) сот залынан салынған суреті. Нью-Йорк, Бруклин федералдық соты, 25 ақпан 2015 жыл.

АҚШ-та «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы содырларына қосылмақ болған» деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов наурыздың 13-і күні Нью-Йорк сотында өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан.

Сайдахметовпен бірге ұсталған Өзбекстан азаматтары Абдурасул Журабоев пен Аброр Хабибовте кінәлары жоғын мәлімдеген.

Келесі сот отырысы маусымның 19-ына белгіленген. Сот олардың кепілге босату туралы өтініштерін қанағаттандырмай, үшеуін де қамауда қалдыруды ұйғарған.

19 жастағы Ахрор Сайдахметов ақпан айының соңында, Нью-Йорк әуежайынан Стамбулға ұшқалы тұрғанда ұсталған. Тергеушілер Сейдахметов Түркия арқылы Сирияға өтіп, содырларға қосылуды жоспарлаған дейді. Ол 24 жастағы Абдурасул Джурабоев екеуі «ИМ қатарына қосылып, АҚШ-та теракт жасамақ болған» деген күдікпен ұсталған. 30 жастағы Аброр Хабибов «Сайдахметовтің Сирияға сапарына демеушілік жасаған» деп айыпталып отыр.

АҚШ билігі күдікті үшеудің жоспары олармен кездескен арнайы қызметтің агенті арқылы әшкере болғанын айтады.

Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та «ИМ экстремистік ұйымына қатысы бар» деген күдікпен ұсталған Ахрор Сейдахметовтің Қазақстан азаматы екенін растап, тергеу амалдарына көмектесуге дайын екенін мәлімдеген.

Егер АҚШ соты оларды айыпты деп таныса, үшеуі 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG