Accessibility links

ЕҚЫҰ ПА комитет басшысы Ресейдің ісіне алаңдаушылық білдірді


АҚШ сенаторы Роджер Уикер.

АҚШ сенаторы Роджер Уикер.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясының саяси істер және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы, АҚШ сенатының мүшесі Роджер Уикер Ресейдің Украинаның шығысындағы сепаратистерге әскери қолдау көрсетуіне және Мәскеудің Еуропадағы қарулы күштер туралы келісімге қатысуын тоқтататыны жайлы мәлімдемесіне алаңдаушылық білдірді. Осы келісім аясында Ресейдің халықаралық міндеттемелерінен бас тартуы түңілдіреді деген ол жұма күні.

Ресей билігінің аталған келісімнен НАТО-ның іс-қимылына бола шығуға мәжбүр болатыны жайлы айтқанын Уикер қабылдамайды. Оның сөзінше, Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты жүргізіп отырған саясаты, Украина территориясында ресейлік әскерилер мен соғыс техникасының жүруі Кремльдің жаппай қарулануға деген ниетін аңғартады. Бұл Еуропаның қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер туғызуы мүмкін дейді Уикер.

Украинаның шығысында үкімет күштерімен соғысып жатқан сепаратистерге Ресей жәрдем көрсетеді және ол жерге өз әскерилерін жіберіп отыр деген Батыс елдері мен Киевтің айыптауларын Мәскеу жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG