Accessibility links

Египетте жаңа астана салынбақшы


Египет астанасы Каир қаласының жалпы көрінісі.
Египет астанасы Каир қаласының жалпы көрінісі.

Египет үкіметі мемлекеттің жаңа астанасын салуды жоспарлап отыр. Каирден шығысқа қарай салынатын жаңа астанада үкімет кеңселері орналасып, қаланың жеті миллион тұрғыны болмақ. Бұл туралы жұма күні Египетте әлем лидерлері мен жүздеген кәсіпкерлердің қатысуымен басталған экономикалық даму туралы үш күндік халықаралық жиынның ашылуында осы елдің тұрғын үй министрі Мустафа Мадбули мәлімдеген.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 20 миллион тұрғыны бар ел астанасы Каир қаласында халықтың тығыздығы жылдан жылға күшейіп келеді. Сарапшылардың болжауынша, алдағы 40 жылда Каир тұрғындарының саны екі есеге өспек. Мадбулидің айтуынша, жаңа жоба жұмыссыздық деңгейін азайтуға да септеседі.

Каирді жаңа қаламен байланыстыратын жол құрылысы қазірдің өзінде басталып кеткені туралы хабарланып отыр. Министр Мадбули жаңа қаланың атауы туралы ештеңе айтпаған.

XS
SM
MD
LG